Астана. 30 қаңтар. Baq.kz – Әлемде 10 жасқа толмаған 650 миллион баланың 250 миллионы сауатсыз. Мұндай мәліметті БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ЮНЕСКО) мәлімдеді.
Олардың 130 миллионы бастауыш сыныптарға барғанымен, жазып-оқуға қажетті білімді мүлдем ала алмайды. Тағы 120 миллионы сыныпта жеткілікті уақыт отырмаса, 57 миллионы сабаққа мүлдем қатыспайтын көрінеді. Зерттеу жүргізген мамандардың айтуынша, мұндай сауатсыз балалар мемлекеттерге жыл сайын 129 миллиард доллар шығын алып келеді.
ЮНЕСКО өкілі Вибеек Йенсеннің айтуынша, сауатсыздықтың ең басты себебі — кедей мемлекеттерде білікті мамандардың тапшылығы.
Білім саласындағы осынау дағдарысты жою үшін 2015 жылға дейін 5,2 миллион білікті ұстаздарды жұмысқа тарту керек дейді ЮНЕСКО сарапшылары. Бұл әлем елдерінің экономикасына шығын емес, керісінше пайдасын алып келеді. Өйткені, сауатты мамандар 40 жыл ішінде мемлекеттің ЖІӨ-ін адам басына шаққанда 23 пайызға жеткізеді екен.
http://baq.kz/kk