АЛТЫНОРДА
Новости

ПРЕЗИДЕНТТІҢ СУРЕТІН ӨРТЕДІ

Қырғызстанда Ош облысы бойынша ІІБ-ның бұрынғы басшысы Әбділді Қапаровқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол президент Алмазбек Атамбаевтың суретін өртегені үшін «бұзақылық» бабымен жауапқа тартылады.

Оқиға 15 қаңтарда Ош қаласындағы орталық алаңда қаланың бұрынғы мэрінің жақтастары ұйымдастырған митинг болған. Әбділді Қапаров 2010 жылы Ош облысы ІІБ басшысы болып қызмет атқарған, алайда сол қызметте 1,5 ай ғана отырған.

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/