Алтынбек Сәрсенбаевты өлтірткен деп сотталған Сенат аппаратының бұрынғы басшысы Ержан Өтембаевтың сот ісінде прокурор Өтембаевқа 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұрады.
«Өтембаевтың әрекетін бір топ болып жалданған адамдардың адам өлтіруіне жымысқылап дем беруші деп, ҚК 28 б. 5 т. 96 б. 2 т. бойынша тану керек. Айыптаушы жағы оның ауыртпалығын күшейтетін жағдайларды таппады. Өтембаевқа мүлкін тәркілеп, қатаң тәртіптег колонияға 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын», — деді мемлекеттік айыптаушы жақ өкілі Ғалымжан Тілеубаев жұма күнгі сот отырысында.
Еске салсақ, Алматы облысында Алтынбек Сәрсенбаевты өлтірткендеп сотталған Сенат аппаратының бұрынғы басшысы Ержан Өтембаевтың ісі бойынша сототырысы басталды.
Бұған дейін хабарланғандай, 2006 жылдың 13 ақпанында сағат 11.40-та Алматы облысының Талғар ауданындағы «Көктөбе» ауылы мен «12 бригада» ауылы арасындағы жол жиегінде оқтан жарақаттанған Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның жүргізушісі Василий Журавлевтің және оққағары Бауыржан Байбосынның денелері табылған болатын. 25 ақпанда Қазақстанның сенат аппаратының басшысы Ержан Өтембавтың қамауға алынғандығы туралы хабар пайда болды.
2 наурызда Ержан Өтембаев Алтынбек Сәрсенбавты өліміне қатысы барын мойындады.
Ержан Өтембаев үш өлімнің бас тапсырыс берушісі ретінде 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның орындаушысы Рустам Ибрагимовқа жазаның ең жоғары шарасы тағайындалды, алайда ол Қазақстандағы өлім жазасына мароторий жариялануына байланысты жүзеге асырылған жоқ. «Арыстан» ҰҚК арнайы бөлімшесінің жауынгерлері мен осы іске қатысы бар басқа да адамдар ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылды.
2013 жылғы20 желтоқсанда ҚР бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко А.Сәрсенбаевтың өліміне қатысты жаңа жағдаяттар ашылғанын мәлім еткенді. Р.Ибрагимов полиграфиялық зерттеулер аяқталған соң АҚШ ФТБ агенттеріне берген сұхбатында А.Сәрсенбаевтың өліміне тапсырыс беруші Р.Әлиев пен Ә.Мұсаев екендігі туралы мәлімдемесін растады.
ҚазТАГ.