Бүгінде кока-кола ішпейтін немесе ішіп көрмеген адам саусақпен санарлық. Еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін шөлдеген сиырдай сіміре жұтады. Қызыл қақпақты бұл сусынның пайдасынан гөрі зиянының көптігі туралы жазыла-жазыла жауыр болғаны да рас. Алайда, айтылған сөзді естір құлақ табылмай жатқаны өкінішті. Ғаламды тұтас жаулап әлемдік нарықта ірі сұранысқа иек артқан кока-коланы жалпы мұсылман баласына ішуге бола ма? «Алаш айнасы» интернет-газеті осы мәселені ой елегіне салды.
Оның несі айып? Сусынды мұсылман да ішпей ме дейтін де шығарсыз. Алайда, ол туралы толық мәлімет алсаңыз бұл ойыңыздан бірден айнып қалатыныңызға біз кәміл сенеміз. Алдымен бұл сусынға шетелдіктер қалай қарайтынын сүзгіден өткізейікші. Бауырлас Түркия әлдеқашан кока-коладан бас тартыпты. Себеп – жалғыз. Кока коланың сыртында оның құрамы туралы жазылмаған.
Риа-Новости агенттігіне берген сұхбатында, Қасиетті Николай қорының әлемдік кеңесінің басшысы Мұхаммер Карабулут «Елдегі тұтынушылар туралы заңға сәйкес кез келген өнім шығарушы сатып алушыларды оның құрамымен таныстыру міндетті екенін мәлімдеген. Осыдан кейін дереу қолға алынған «қызыл телпекті кока коланы» Түркияның ірі қаласы Стамбулда үзілді-кесілді сатуға тыйым салынды. Тіпті, Балтық елдерінің бірі Латвия да денсаулық сақтау министрлігінің шешімімен мектептерінде кока-кола сатпайтын болған. Ал, Үндістандағы мұсылман ағайын тіпті сусынның мұсылмандарға мүлдем жат екенін, тіпті харам екенін де мәлімдеді. Олардың айтуынша, «Кока-кола» сөзін терісінен оқығанда «Мұхаммед жоқ, Мекке жоқ» деп оқылатын көрінеді. Әдейі жазылған ба, әлде солай болып көрінетіні әзірге белгісіз. Осыдан кейін қаһарына мінген Үнділік мұсылмандар кока-кола басшылығынан логотипін екі ай ішінде өзгертуді талап етеді. Арызына құлақ аспағандықтан Үндістан да кока-колаға байкот жариялап тынды.
Осыдан кейін әбден ойланған кока-кола басшылығы құпия болып келген сусындарының құрамын жариялауға мәжбүр болыпты. Сөйтсек, күнделікті ішетін коламыз кәдімгі құрт-құмырсқа заңдас тіршілік иесінен жасалады екен. Кошениль атты құрттан бөлінетін кармин кока-коланың негізгі бояғышы болып шықты.
Ал Францияның тұтынушылардың халықаралық ұйымы кока-коланың құрамында қант мөлшерінің көптігін оның адам ағзасына кері әсер ететін дәлелдеді. Тіпті, халықаралық зерттеушілер коланың құрамында алкогольдің барлығын анықтап берді. Ең қызығы кока-кола сусының шетелдіктер біз сияқты ішудің орнына тазалық жұмыстарына кеңінен қолданатын көрінеді.
Мәселен, дәретхананы тазалау, көліктің қозғалтқышы мен металл ыдыстарды тазалауда коладан артық ғажайып жоқ.
Әсия СӘДУАҚАСОВА, дәрігер:
–Ағзаға түскен коланың құрамындағы күкірт және фосфор қышқылдары бауыр және бүйрек жұмыстарына кері әссер етіп, қауіпті науқастарға шалдықтырады.
Мына бір жағдай тіпті таң қалдырады. Егер кока-коланың бір құтысын доңыз етіне құйса бірден құрттар пайда болатын көрінеді. Жүректі айнытар бұл көрініс тіпті ғаламтор бетінде жүр. Сондай сусын мұсылманға ішуге бола ма? Мәжіліс депутаты Бекежанов тіпті кола мен пепси сусындарынан аулақ болуға шақырды. Мәжілісте сөйлеген сөзінде ол сусыннан адамның семіздік ауруына тап болатындығын баса айтқан. Бұған мына сілтемеден көріп қарауаңызға болады.
«http://kiwi.kz/watch/iq0lshulk5ha/»
1886 жылы АҚШ-та пайда болған бұл сусынның қазіргі жылдық табысы миллиардтаған долларға жеткен. Әлемдегі нөмірі бірінші бренд сусын болып табылатын коланың ғұмырының ұзақтығы немен байланысты?
Компанияның тек кока-коланы сатудағы табысы 30 миллиард доллардан асып жығылған. Өзгелер қаңсық қылып сатуға тыйым салса да, Қазақ елі қаржысын кока-кола үшін миллиондап шығындайды. Тіпті, кока-кола жүлдесі үшін түрлі спорттық турнирлер де ұйымдастыру қолға алынған. Жыл сайын кока кола футболдан былғары доп бәсекелерін ұйымдастырып жатқаны осының нақты айғағы.
Бәлкім бізге де бауырлас мұсылман елдеріндей сусыннан бас тарту қажет те шығар. Бұл үшін бәлкім арнайы заң қабылдау қажет пе? Әлде шекарамызды шегелеп, кеденнен кока-коланы мүлдем өткізбеуді қолға аламыз ба?
Қалай десек те сусын алаш баласын сормаңдай қылатын түрі бар. Ертерек қимылдамасақ ертең кеш болып қалуы да әбден мүмкін. Ойланайық, мұсылман баласы, коланы ішік құрдымға кетіп жүрмейік?!.
Автор: Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы
http://alashainasy.kz/