Қазақстан 10 елдің азаматтары үшін визасыз режім енгізеді.
Қазақстан алдағы уақытта дамыған 10 елдің азаматтары үшін визасыз режім енгізеді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев (ҚазТАГ – Жанболат Мамышев).
«Алдағы уақытта әлемнің дамыған 10 еліне визасыз режім енгізу үшін дайындалып жатырмыз. Әрі қарай бізде бағдарлама бойынша жазғы бес айлық кезеңде визасыз режім енгізу бар – 40-қа жуық елді жинаймыз. Бұл дамыған елдер, біздің серіктестеріміз», — деді Р. Жошыбаев бүгін Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Ол қазіргі таңда басқа елдерден енетін топтық туризм үшін жеңілдетілген визалық режім енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын еске салды. Бұған дейін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Әсет Мұсағалиев хабарлағандай, Қазақстанда «EXPO – 2017» өткізу кезеңіне визасыз режімді қабылдау мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
«Қазіргі таңда бейрезиденттер үшін Қазақстанда қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар шаралар жасалған. Қазіргі таңда топтық визалар бойынша СІМ платформасында (…) жоба әзірленіп жатыр. Шартты түрде, айталық, мүмкін, бір мезгілде бірден 15 адам виза ала алатындай 15 адамға арналған топтық визалар болатын шығар. Және де екінші сұрақ, визасыз режім жасау мәселесі де қарастырылуда», — деді А.Мұағалиев ТМД елдерінің турәкімшілерінің басшыларымен болған бейнеконференция барысында.
Дуанабай Жолдасбек
http://www.aikyn.kz/articles/view/44728