АЛТЫНОРДА
Блог Серика Малеева

Серік МӘЛЕЕВ. Неге қазақстандық басылым Қазақстан Президентін жағымсыз жағынан көрсетуге тырысуда?

серикРедакциямызға ашуланған оқырманымыздың хаты келді. Онда ол үстіміздегі жылғы 10-наурызда «Kapital.kz» сайтында жарияланған мақалаға сілтеме жасай отырып, ашықтан ашық наразылығын білдірген: «Біздің Президентіміздің не істеп отырғанын көрді

ңіз бе? Ол біздің тәуелсіздігімізге опасыздық жасап жатыр ғой». Ашумен осындай көп заттарды айтқан.

Бізді, өз кезегінде, осы қазақстандық басылымдағы «Қазақстан Ресейдің Украинаға қатысты ұстанымына түсіністікпен қарайды» деген арандатушы тақырыпшамен жарияланған «Назарбаев, Путин и Меркель» деген мақала қызықтырды

Яғни, оның мағынасына тереңдемей, тақырыбы мен тақырыпшасы бойынша пайымдасақ, біздің еліміз ресейліктердің Қырымдағы әскери интервенциясын қолдап отыр деген көзқарас туындауы мүмкін. Атап айтарлығы, сілтемені «Ақ Орда» Президенттік сайтқа жасалып отыр. Бұл нағыз масқара ғой.

Алайда мақаланы мұқият оқысаңыз, мағына түбегейлі өзгеріп шыға келеді. Қарапайым тілмен айтсақ, Владимиром Путинмен болған әңгіме барысында Президент Назарбаевтың  айтқаны келесіге саяды – біз сіздің Киевтегі оқиғаларға деген ұстанымыңызды түсінеміз, бірақ халықаралық келісімдер және Украинаның аумақтық тұтастығына құрметпен қарау негізінде Қырым бойынша бейбіт келісімдерге келу қажет деп ойлаймыз.

Ал бұл тек бір нәрсені білдіреді, Қазақстан ресейлік ұстанымды қолдамайды, керісінше, Украинаның егемендігі мен тәуелсіздігін қолдап, оған қарама қарсы мәлімдеме жасап отыр. Бұл жерде басқа мағына жоқ.

Осы орайда, сірә, көптеген қазақстандықтар біздің ашулы оқырманымыз сияқты, мақаланы соңына дейін оқымаған болар, өйткені «Қазақстан Ресейдің Украинаға қатысты ұстанымына түсіністікпен қарайды» деген тақырыпшаның өзі қабылдамаушылық тудырады.

Енді бізді тек бір сұрақ толғандырады – неге қазақстандық басылым  «Kapital.kz» тақырып және тақырыпшаны құбылта отырып, Қазақстан Президентін сайлаушылар алдында жағымсыз жағынан көрсетуге тырысуда? Жауап күтеміз.

Аударған Қайрат Матреков