Ұлыбританиядан 1971 жылы тәуелсіздік алған Азияның оңтүстік-батысындағы шағын мемлекет аз уақыттың ішінде өсіп-өркендеп үлгерген…
Газ бен мұнайдың көптеп табылуы бәріне бастау болып, осы бір мемлекеттің табиғат ресурстарын тасымалдауына және беделді аймаққа айналуына септігін тигізді. Осы шақта ел көгере бастаса керек: қиялдан асып түскен зәулім сарайлар мен қымбат қонақүйлер, үлкен сауда-саттық кешендері мен жасанды, бірақ жасампаз аралдар.
Көпшілік сән-салтанат бар-жоғы 40 жыл ішінде салынып біткен екен.
Мемлекеттің қаншалықты байып, дәулетті, іргелі ел бола бастағанын төмендегі суреттерге қарап біле аласыз.
Ертеректе: Катардың астанасы Доха, 1977 жылдары
Қазір: Доханың бүгінгі бейнесі. «Emporis» зәулім ғимаратын қосқанда, осы күнге дейін 47 сарай салынып біткен
Ертеректе: Астананың сауда-саттық тұрмысы. 1968 жыл
Қазір: West Bay мен зәулім үйлер астананың орталығына айналуда
Ертеректе: 1977 жыл. Катардың бұзылған қаласы
Қазір: Бүгінде Дохадағы Ислам өнерінің Музейінде құнды қолжазбалар мен нешебір топтамалар, бағалы керамикалар сақтаулы
Ертеректе: Қоқыс пен жұмыссыздық — 1977 жылдар үшін әдеттегі көрініс
Қазір: Жағалауға бет бұрған Порто Арабия
Ертеректе: Дохадағы басқарушы Шейхтың бітпеген сарайы. 1971 жыл
Қазір: Жасыл алқаптағы Emiri Diwan (Эмирдің сарайы)
Ертеректе: Астана орталығындағы Сағат мұнарасы, 1971 жыл
Қазір: Сағат мұнарасы бүгінде үлкен мешіттің жанында орын тепкен.
Ертеректе: Қаланың шет аймағында қараусыз қалған америкалық кабриолет
Қазір: «Aspire Tower» ғимараты мен Халифа стадионы
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: businessinsider.com
http://massaget.kz/alemtanu/sayahatty-syemin/17118