НЬЮ-ЙОРК. 19 наурыз. Baq.kz — Наурыз мерекесі қарсаңында Нью-Йорктегі қазақ диаспорасы сұлулық ханшайымын таңдады. Ол Көктем мен Өркендеудің символы болмақ.
Бұл мәртебе Әлия Молдабековаға бұйырды. Ал Айсұлу Қарпықова екінші орыннан көрінсе, үздік үштікті Әсел Мұқашева тұйықтады, деп хабарлады Нью-Йорктегі ҚР бас консулдығынан.
«Наурыз мейрамы қарсаңында сұлулық ханшайымын таңдау отандастарымызға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Енді біз Нью-Йорк тұрғындарын төл мәдениетімізбен таныстырмақ ойымыз бар. Жақын арада бұл жерде Көкіл және Алматылық джаз бэнд жастар ұжымдары өнер көрсетеді. Айта кету керек, джаз бэнд Нью-Йорктегі джаз фестиваліне қатысады. Осы мәдени шараларды таныстыру рәсімін жүргізу арулар байқауының жеңімпазына жүктеліп отыр», — дейді Бас консул Раушан Есболатова.