Фильмдерде бір ғана көйлектің өзі маңызды. Эстетикалық жағына бөлек, кинолардағы көйлектер сол кезеңнің сәніне әсер етуі мүмкін. Қарапайым халық фильмдегі персонаждардың киімдерін үлгі қылып киінуі де ғажап емес. Солай болып та жүр.
Олай болса, бүгін фильмдердегі ең үздік қалыңдық көйлектері туралы сөз қозғап көрейік.
Мишель Докеридің үстіндегі «Даунтон Абаттығы» телехикаясындағыешқандай әшекей бұйымдары жоқ, фатасы да ұзын ретро стилінде тігілген көйлекті айтпай кетуге болмайды:
«Шерлок» телехикаясындағы Джон мен Мэридің тойындағы қалыңдық көйлегі. Су моншақтың көмегімен тігілген көйлектің фатасы басқаларға қарағанда жұқа:
Анна Кендриктің «Соңғы 5 жыл» фильмінде киген көйлегі:
Эмили ВанКэмптің «Кек» фильмінде киген дәстүрлі қалыңдық көйлек:
Наталия Орейроның «Сен ғана» телехикаясында киген көйлегі мүлдем өзгеше:
Ханшайымдарға арналған көйлектердің бірін «Қуыршақтар үйі» фильмінде Элиза Душку (Eliza Dushku) да киіп көрді:
Атақты тігінші Энн Роттың көйлегін киген Аманда Сейфридті көрген кезде жанкүйерлері «Мамма миа!» деп таңырқаған болатын:
АннаЛинн Маккордтың «Беверли-Хиллз: Жаңа ұрпақ» телехикаясында киген көйлегі:
Биыл кинотеатрлардан көрсетіліп жатқан «Уолл стриттен шыққан қасқыр» фильмінде таңғажайып көйлектердің бірін Марго Робби киді:
Джулия Робертс «Тойынан қашқан қалыңдық» фильмінде Amsale Aberra ұсынған көйлекті киді:
Кира Найтлидің «Кариб теңізінің қарақшылары» фильмінде киген көйлегі. Түсі ерекше бұл көйлекті Майкл О’Коннор тіккен болатын:
Лейтон Мистер Vera Wang ұсынған көйлекте:
Бақытты қалыңдықтардың бірі Блейк Лайвли Georges Chakra ұсынған көйлекті киді:
Тағы да Аманда Сейфрид «Үлкен той» фильмінде. Бұл жолғы көйлегі аппақ жапырақшалар мен су моншақтардың көмегімен тігілген:
«Саудаға құмар» фильміндегі актриса Кристен Риттердің көйлегін Патриция Филд тіккен болатын:
Дженнифер Гарнер «Ескі құрбылардың елесі» фильмінде. Көйлегін атақты дизайнер Мануэль Мота тіккен:
«Қалыңдықтар шайқасы» фильміне түскен екі көйлекті де дизайнер Вера Вонг ұсынған. Ханшайымдарға лайық көйлекті киген Кейт Хадсонның көйлегі көпшілікке ұнаған екен:
Энн Хэтэтуэй «Ханшайым күнделігі 2: Қалай ханшайым боламын» фильмінде. Үстіндегі көйлекті Chopard ұсынған:
Сара Джессиканың үстінде Vivienne Westwood ұсынған ерекше көйлек:
2010 жылы «Жас Виктория» фильмінде Эмили Бланттың үстіндегі көйлекті тіккен Сэнди Пауэлл «Оскар» және BAFTA атты екі бірдей марапатқа ие болды.
Әлем жастары ұнатқан «Сумерки» фильміндегі Кристен Стюарттың көйлегін Каролина Эррера ұсынған:
Дженнифер Лоуренстің үстіндегі индонезиялық дизайнер Текс Саверио ұсынған әдемі көйлек Дженниферге жарасып тұр:
Ал сізге қай көйлек ұнады?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
http://massaget.kz/bastangy/sn/17852