АЛТЫНОРДА
Новости

Малайзиялық Boeing 777 ұшағын іздеу жұмысы нәтиже бере бастады

АСТАНА. 7 сәуір. BAQ.KZ – Австралиялық кеме Үнді мұхитынан 3 белгіні тіркеді, деп хабарлады 24.kz тілшісі.

Алдын ала болжам бойынша, олардың біреуі жоғалған лайнердің «қара жәшігі» болып шығуы мүмкін. Азаматтық авиация қызметінің өкілдері: «осы жолғы байқалған белгінің маңызы зор әрі үміт беріп отыр», — деп хабарлады. Бірақ ең алдымен ұшақпен байланыс орнату керек. Айта кетейік, Австралияның отставкадағы авиациясының бас маршалы көп елдің қатысуымен өтіп жатқан іздеу операциясының жетекшісі Ангус Хьюстон бұған дейін осындай белгінің байқалғанын айтқан болатын. Ол кездегі белгіні Қытай кемесі екі рет тіркеді. Алайда, ештеңе табылған жоқ. Айта кетейік, ұшақты іздеу жұмысы бір айға жуықтап қалды. Жоғалған лайнерде 239 адам болған.

 

http://baq.kz/kk/news/45483