Астана. 9 сәуір. Baq.kz – Жақында Ұлттық банк қазақстандық банктердің депозит базасының жағдайы туралы мәліметтерді жариялаған болатын. Оған сәйкес биылғы жылдың ақпан айында sms-шабуылға ұшыраған үш банктен салымшылар кері алған салым көлемі 169.млрд.теңгені құраған.
Оның ішінде ЦентрКредит банктің жалпы депозит қоржынынан қайтарылған қаражат көлемі – 14,7%, Kaspi bank – 16,8%, Альянс банк – 30,9%.
Kaspi bank төрағасы Михаил Ломтадзенің айтуынша, бүгінде банкке салымшылар қайта орала бастаған.
«Біз күн сайын депозит өсімін байқап отырмыз. Жаңа клиенттермен қатар дүрбелеңге ілескен клиенттеріміз де қайта келіп жатыр. Сәуір айының бірінші аптасында қайта салынған депозит көлемі 35% құрады», — деді kaspi bank-тің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе.
Басқарма төрағасының пікірінше, бұл қарқын жалғасса дүрбелең кезінде алынған салымдардың негізгі бөлігі алдағы 3-4 айда қайта оралмақ.
http://baq.kz/kk/news/45605