1 маусымға дейін Арменияның Кедендік одаққа және Біртұтас экономикалық кеңістікке қосылуы туралы келісім жобасы дайын болады, деп хабарлады Беларусь телеграф агенттігінен (БЕЛТА).
«Құжат (Арменияның қосылатындығы туралы келісім жобасы — ҚазТАГ) 29 мамырда Астанада өтетін Жоғарғы Еуразиялық Экономикалық кеңестің отырысында мемлекет басшылары қарастыруы үшін дайындалуы тиіс», — деп Минскіде өткен Жоғарғы Еуразиялық Экономикалық кеңестің отырысының қорытындысында айтқан Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Виктор Христенконың сөзін агенттік келтіреді.
Ол президенттер (Қазақстан, Ресей мен Беларусия — ҚазТАГ) Арменияның КО мен БЭК-ге қосылу жөніндегі жасалған жол картасын іске асыру жұмыстарын мақұлдады. Атап айтқанда, жол картасының құжатқа қол қоюға дейін орындалуы тиіс 126 тармағының 111-і орындалды, ал 15-і Арменияның КО/БЭК-ге қосылу туралы келісіміне енгізіледі.
Дуанабай Жолдасбек
http://www.aikyn.kz/articles/view/48309