АЛТЫНОРДА
Новости

Ауғанстан: Көшкіннен 300 адам мерт болған

Көшкін болған жерде жүрген адамдар. Арго, Бадахшан, Ауғанстан, 3 мамыр 2014 жыл.Ауғанстан билігі елдің солтүстігіндегі Бадахшан уәлаятында таулы аймақтағы елді мекенде болған көшкін салдарынан 300 адамның қаза тапқаны анықталғанын хабарлады. Табиғи апат құрбандарының нақты санын 3 мамырда Бадахшан губернаторы Шах Валиулла Адиб келтірді.

Бадахшан губернаторының орынбасары Гүл Мохаммад Бедар France Press агенттігіне бұған дейінгі апат құрбандарының саны екі жарым мың адамға жетуі мүмкін деген болжам құтқарушылардың дерегі бойынша емес, жергілікті тұрғындар айтқан мәлімет бойынша жасалғанын айтады.

2 мамыр күні таулы аймақта болған көшкін кезінде биіктігі он метрден асатын аса үлкен көлемдегі топырақ пен лай адамдарды үй-жайымен қоса басып қалған еді. Көшкін болған аймақтан төрт мыңдай адам басқа жаққа көшірілген.

Ауғанстанның табиғи апат жөніндегі министрлігі бірнеше күн бойы толассыз жауын жауған аймақта көшкін қайталануы мүмкін деп қауіптеніп отыр.

http://www.azattyq.org/content/news/25372058.html