Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір қазақстандықтың жүрегінен орын алатын бұл мерекелер – шынайы қаһармандықтың, отансүйгіштіктің мейрамы.
– Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір қазақстандықтың жүрегінен орын алатын бұл мерекелер – шынайы қаһармандықтың, отансүйгіштіктің мейрамы. Осы күндерді мерекелеу арқылы, біз, аспанымыздың ашық, заманымыздың тыныш болуы үшін жан аямай күрескен сіздерге, біздің ардагерлерге зор алғысымызды білдіреміз, – дедi ол.
Сценарийін Мәдениет қайраткері Лаврентий Сон жазған фильмде Ерген Тоқмырзин қоюшы режиссердің қызметін атқарса, бас кейіпкердің жастық шағын жас актер Әзімхан Ахмет ойнады. Фильм 9-мамыр күні сағат 13:10-да «Астана» және сағат 17:15-те «Хабар» телеарналарынан көрсетіледі.
Т.Бигелдиновтің өзі түскен және бұрын көпшілік көрмеген сирек кадрлар қолданылған туындының көрерменге жол тартуына «Нұр Отан» партиясы мен «Алтын қыран» қайырымдылық қоры және «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйытқы болған.
Бұл туралы «Генералдар кеңесі» РҚБ Президиумының төрағасы, әділет генерал-майоры, профессор Рүстем Қайдаров былай деді: «Фильмді түсіруге генералдың өзі жазған кітабындағы деректерді қолдандық. Киноны Алматыдағы әскери институттың курсанттары мен ұстаздарының көмегімен түсірдік.
Деректі фильмде Ұлы Отан соғысы жылдарында жау бекінісін барлау мен шабуылдау үшін әскери тапсырмамен 305 рет әуеге көтерілген Талғат Бигелдиновтың шынайы өмірі баяндалады. Фильм авторлары әуедегі ұрыс қимылдарының кейбірін компьютерлік анимация мен қойылымдық түсірілім арқылы жасап шығарды».
Оның сөзінше, осы уақытқа дейін Ұлы Отан соғысына қатысқан генералдар С.Нұрмағамбетов пен Ә.Болсамбеков туралы фильмдер көрерменмен қауышқан. Болашақта Жеңістің 70 жылдығына орай Кеңес Одағының Батыры атағын алған әрбір қазақстандық туралы 3-5 минуттық шағын деректі фильмдер түсіріледі.
– Талғат Бигелдинов туралы фильм 1 жылға жуық түсірілді. Туынды Ұлы Отан соғысы жылдары ел қорғауға шақырылған 19 жастағы жігіттің тағдыры жан-жақты суреттелді. 1942-1945 жылдары соғыс отын кешкен кейіпкердің тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмайды. Қыр баласы фашистер «Ұшқыш танк» деп атап кеткен өзінің «ИЛ-2» ұшағымен алғашқылардың бірі болып Берлинді, Кавказ бен Украинаны азат еткен болатын, – деді журналистерге Р.Қайдаров.
Қанат МАХАМБЕТ, Астана
http://www.aikyn.kz/news/view/48565