Астана. 20 мамыр. Baq.kz – Бүгін Ресей астанасынан 80 километр қашықтықтағы Бекасово-Нарофоминск теміржол өткелінде жолаушы және жүк пойыздары соқтығысып, бес адам қаза тапты.
«Интерфакс» агенттігінің Ресей теміржол қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, контейнерлер тиеп келе жатқан жүк пойызының 16 вагоны рельстен шығып кетіп, «Мәскеу-Кишинев» бағытындағы жолаушылар пойызының екі вагоны зақымданған. Апат салдарынан 15 адам жараланған.
Алдын-ала болжамдарға қарағанда, жүк пойызы вагондарының бірінен ақау шығып, жанынан өтіп бара жатқан жолаушылар пойызы вагонымен соқтығысып қалған.
http://baq.kz/kk/news/47425