Франция президенті Франсуа Олланд Еуропа Одағының (ЕО) қызмет ету міндетін өзгертіп, рөлін азайтуға шақырды.
26 мамыр күні телеарна арқылы сөйлеген Олланд ЕО «өз азаматтарынан алшақтап, түсініксіз болып бара жатқанын» мәлімдеді.
Еуропарламентке өткен сайлауда Франциядан иммиграцияға, ЕО-ға қарсы «Ұлттық майдан» партиясы жеңіске жеткен.
Олландтың социалистік партиясы 13.98 пайыз жинап, бәсекелесінен жеңіліп қалды.
Еуропа елдерінде мамырдың 22-сі мен 25-і күндері аралығында өткен Еуропарламентке сайлауда әсіре оңшыл және солшыл партиялар бұрынғыдан көп дауыс жинаған. Оған ЕО-ның көп елдерінде Брюссельдің қатаң экономикалық саясатына, жаппай жұмыссыздық пен иммиграцияға наразылық себеп болды.
Франсуа Олланд 27 мамыр күні Брюссельде өтетін ЕО басшыларының жиынында ұйым қатаң экономикалық саясатты ұстануға емес, экономикалық өсімге, жұмыс орындарын ашу мен инвестиция тарту мәселелеріне назар аударуға шақыратынын айтты.
http://www.azattyq.org/archive/news/20140527/330/330.html?id=25399579