АСТАНА. 3 маусым. BAQ.KZ – Испания королі Хуан Карлос І билікті ұлы Фелипеге тапсырып, тақтан бас тартты, деп хабарлайды 24.kz тілшісі.
Патшаның мұндай шешім қабылдауына денсаулығының сыр беруі себеп болған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, соңғы үш жылда король 7 рет операция жастақан. 76 жастағы патша өз шешімі туралы жергілікті телеарналардың бірі арқылы ресми түрде жариялады. Хуан Карлос елді 1975 жылдан бастап басқарып келді.
Хуан Карлос І, Испания королі:
— Ұзақ жыл бойы мен Испанияның мүддесі үшін қызмет еттім. Енді еліме істейтін жақсылығым – билікті ұлым Фелипеге тапсыру. Ол отаны үшін лайықты қызмет жасауға дайын. Басымыздан кешіп жатқан күрделі экономикалық дағдарыс біраз зардабын тигізуде. Десек те болашаққа үмітпен қарау керек.
http://baq.kz/kk/news/48114