АЛТЫНОРДА
Новости

Фото: Алматыда Ұлттық Тестілеудің алғашқы күні өтті

Алматы қаласы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді өткізуге толығымен дайын болғандықтан, еш артық шусыз, тестілеудің алғашқы күні де өтті. Жалпы елімізде Ұлттық тестілеу кеше басталғанымен, Алматы қаласы бүгін алғашқы түлектерді тест тапсыру орталықтарына жинады. Тестілеуді өткізу міндетін өзіне алған қаланың сегіз университетінің бірі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі ҰБТ-ның халін біз де біліп қайттық.

Жылдағы жағдай. Тестілеудің уақыты өз мәресіне таяп қалған тұста, студент атануды мақсат еткен мектеп түлектері ретімен тысқа шыға бастады. Бірінің жүзінде жайнаған күлкі болса, екінші бірі ешбір мінез танытпайды.

«Жалпы ҰБТ өте қиын болды. Жаңа және күрделі сұрақтар көп енгізілгенін байқадық. Ендігі лекте тапсыратын замандастарыма сәттілік тілеймін. Тек 11 жыл алған біліміне ғана сенсін, себебі қосалқы құралдарды қолданғанымен, ешқандай көмегі тимейді екен. Сұрақтар толығымен жаңаланған», — дейді ҰБТ сынағынан өткен түлек Әбілқасым Досхан.

Алматы қаласынан «Алтын белгіге» 227 үміткер бар. Тест тапсырып жатқан мектеп түлектерімен қоса, олардың ата-аналары қолдау білдіруге келген. Олар да уайымға салынып, перзенттері тестілеуден үздік нәтижемен өтсе екен деп отыр.

Ұлттық Тестілеу Орталығы хабарлағандай, бұл жыл ҰБТ-ның құрылымы өзгермеген: үш жарым сағат, 125 сұрақ. Талапкерлер Ұлттық университеттерге түсу үшін 70 баллдан төмен алмауға тиіс. Ал медициналық білім ордаларына 55 баллдан аз болмауы керек. Жалпы шектік балл 50 болмақ.

Ал ҰБТ нәтижесі шыққанда көбіне қуанышқа бөленген болашақ студенттерді байқадық.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласында ҰБТ үш күнге жоспарланған: маусымның екісі, төрті және алтысы.

Арнайы Массагет үшін: Жолдас Өрісбаев

http://massaget.kz/bt/19081