АЛТЫНОРДА
Новости

Түркістанда зияратшылар орталығы бой көтерді

АСТАНА. 12 маусым. BAQ.KZ – Түркі халықтарына ортақ қасиетті мекен – Түркістан қаласына еліміздің барлық аймақтары мен алыс-жақын шетелдерден жыл сайын 800 мыңға тарта адам зиярат етуге келеді. Соның ішінде қона жататын азаматтар соңғы уақытқа дейін осындағы жеке үйлердің қызметіне жүгініп келген. Облыс әкімі Асқар Исабекұлының бастамасымен осы жағдайды ескеріп, туристерге арзан бағада сапалы қызмет көрсету мақсатында, Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи кесенесіне жақын маңнан зияратшылар орталығы бой көтерді.

Бір мезгілде 200 адамға қызмет көрсете алатын мекеменің ерекшелігі жөнінде ақпараттық насихаттық жұмыстары жүргізілуде. Мұнда келушілердің талабына сай жатын орын, асхана, намазхана, мәжіліс және кино залы, кітапхана, медпункт, демалыс орындары, мал сою орны, автотұрақ алаңдары секілді зияратшыларға қажетті жабдықтардың барлығы қарастырылған. 2 қабатты ғимарат 8 блоктан тұрады.
Сонымен бірге, келушілерді діни кері ағымдардан бойын аулақ ұстау үшін ата-бабалардан келе жатқан дәстүрлі дінімізді насихаттау және зиярат ету тәртіптерін түсіндіру мақсатында арнайы 3 дінтанушы маман қызмет көрсетеді.
Ғимарат Қ.А.Яссауи кесенесінің қарсы бетіне жақын маңда жаяу жүргіншілерге ыңғайлы жерде орналасқан.
http://baq.kz/kk/material/585