Маусым айы қазақ өнері үшін думанмен басталды. Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар әнші Талғат Жорабаев шаңырақ көтерді. Талғат Жорабаев аяулы жары Аяулым Қарағанды қаласының тумасы. Қарағандыда дүркіреп өткен ұзату тойдан кейін әнші келіншегін өзінің туған жері Шымкентке алып келді. Талғат Жорабаевтың шаңырақ көтергендігі туралы ақпарат әлеуметтік желілердің бірінде жарияланды. Мұндай маңызды жаңалықпен әншінің өзі және әпкесі белгілі әнші Алтынай Жорабаева бөлісті. Әншінің үйлену тойы осы жылдың тамыз айында өтеді деп жоспарлануда. Әнші Талғат Жорабаевқа көтерген шаңырағының іргесі берік болсын деп тілек айтамыз.
Әнуарбек Әсел
turkystan.kz