АҚШ-тағы Мюрре кардиология институтының сарапшылары ораза тұтқан адамның ағзасында май клеткаларындағы зиянды холестиринді энергияға айналдыртын пайдалы бір процестің жүретінін алға тартуда.
Сан-Францискода өткен Диабеттің америкалық ассоциациясының отырысында бұл процестің қант диабеті алдындағы факторлармен күресуде маңызы өте жоғары екені айтылған, деп жазады muslim.kz.
Зерттеу жұмыстарына қан құрамында глюкозасы жоғары 30 бен 69 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер қатысқан. Соның нәтижесінде ғалымдар мынадай тоқтамға келеді: «Ораза антидиабеттік процедура саналады. Оны он жылға дейін үзбей ұстау қант диабеті мен жүректің ишемиялық ауруларынан ада болудың кепілі». Мұндай пікірді аталған университеттің жүрек қан-тамыр аурулары мен генетикалық эпидемиология бөлімінің директоры Бенджамин Хорн айтқан. Демек, ораза құлшылық не рухани тазару ғана емес, тәнге де төнген қауіптің басын қайтара алатын қабілетке ие екен.
Дуанабай Жолдасбек
http://www.aikyn.kz/