АЛТЫНОРДА
Новости

Словения экс-премьері түрмеге отырды

Словенияның бұрынғы премьер-министрі Янез Янша өзін коррупцияға қатысты айыпты деп таныған сот шешімі шыққан соң баспасөз мәслихатын өткізіп отыр. Любляна, 5 маусым 2013 жыл.Коррупцияға байланысты айыпты деп танылып, екі жылға сотталған Словенияның бұрынғы премьер-министрі Янез Янша түрме жазасын өтей бастады. Былтыр маусымда оның ісін қараған сот Янша 2006 жылы үкіметті басқарып тұрған кезде Словения армиясына фин бронетехникасын алу үшін тендер нәтижесіне ықпал еткені дәлелденді деп тапқан еді. Даулы келісімнің құны 280 миллион долларға жуық соманы құраған.

Бірақ, түрмеде отырғанына қарамастан, Янез Янша алдағы парламент сайлауына Словения демократиялық партиясынан (СДП) ұсынылатын кандидаттар тізімін бастап тұр. Партия сайлауда жеңіске жетсе Янша оппозициядан үкімет жетекшісі қызметіне ұсынылуы мүмкін. Егер СДП жеңіске жетсе, Словенияның жоғарғы сот инстанциясы партия жетекшісіне тағайындалған жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдыра тұруы ықтимал деп хабарлады AFP агенттігі.

DPA агенттігінің хабарлауынша, сотталған экс-премьерді жақтайтын жүздеген адам жұма күні Люблянадан 60 шақырым жердегі «Доб при Мирни» түрмесі алдына жиналған. Көрсеткен қолдауы үшін оларға алғыс білдірген Янша, жақтастарын 13 шілде күні өтетін парламент сайлауына қатысуға шақырған.

http://www.azattyq.org/content/news/25430013.html