
Обама бұған қоса Путинді «шекара арқылы қару-жарақ пен әскери техниика өткізуді» тоқтатып, Кремльдің «сепаратистерді қолдауын» доғаруға шақырған.
АҚШ президенті егер «шиеленісті бәсеңсітуге бағытталған нақты іс-шаралар байқалмаса» Ресейдің қосымша санкцияларға тап болатынын да айтқан.
Ал Кремльдің хабарлауынша, Путин украин шенеуніктері мен ресейшіл сепаратистердің арасында тікелей келіссөздер жүргізу маңызды екенін айтқан.
Ресей мен АҚШ президенттері Украина дағдарысынан өзге Ирак пен Сириядағы жағдайды да талқылады делінген Кремль хабарламасында.
http://www.azattyq.org/content/news/25432967.html