Лондонда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights ұйымының дерегінше, «Ирак және Шам ислам мемлекеті» (ИШИМ) ұйымы Сирияның Иракпен шекарасына жақын Дейр-эз-Зор ауданындағы ірі мұнай кенішін басып алды.
Белсенділердің хабарлауынша, ИШИМ ұйымы кенішті 3 шілде күні басып алған. Бұған дейін кенішке иелік етіп келген «Нусра майданы» мұнайлы жерді қарсылықсыз тастап шыққан.
ИШИМ қазір Дейр-эз-Зордағы мұнай және газ кеніштерінің көпшілігіне иелік етеді. Ұйым Сирияның шығысы мен солтүстігін және Ирактың батысы мен солтүстігін басып алып, онда «ислам халифатын» орнатқан.
http://www.azattyq.org/content/news/25444930.html