Халықаралық олимпиада комитеті Алматы, Осло және Пекин қалаларын 2022 жылғы қысқы олимпиаданы өткізуден үміткер кандидаттар ретінде ресми тіркеді деп хабарлады Assocaited Press агенттігі.
2022 жылғы олимпиаданың қай қалада өтетіні 2015 жылы Малайзияда хабарланады. Бұл олимпиаданы өткізуден үміткерлер тізімінде тұрған Стокгольм, Краков пен Львов бұған дейін бас тартқан.
Осло 1952 жылы қысқы олимпиаданы, ал Пекин 2008 жылы жазғы олимпиаданы өткізген.
http://www.azattyq.org/content/news/25448368.html