АЛТЫНОРДА
Новости

Сирияның химиялық қаруын жою басталды

Америкалық Cape Ray кемесі Италияның Джоя Тауро портында тұр. 1 шілде 2014 жыл.АҚШ қорғаныс министрлігі «7 шілде күні Жерорта теңізіндегі арнайы жабдықталған америкалық Cape Ray кемесінде Сириядан шығарылған химиялық қару-жарақты жою жұмыстары басталды» деп хабарлады. Министрлік ауа-райына қарай жою процесі 60 күнге созылуы мүмкін дейді.

Cape Ray кемесі Италияның Джоя Тауро портынан 2 шілде күні шығып, қазір халықаралық сулар аумағында тұр. Кеме бортында Сириядан шығарылған 600 тоннаға тарта қауіпті химикаттар, оның ішінде иприт пен зарин бар. Химиялық қаруды жою үшін кемеге гидролиздеу жүйесі орнатылған.

Залалсыздандырылған химикаттар арнайы контейнерлерге салынады. Пентагон өкілінің мәлімдеуінше, гидролиздеуден шыққан қандай да бір жанама өнім теңізге немесе ауаға жіберілмейді.

Сирияның химиялық қару-жарағын жою туралы келісім 2013 жылдың тамыз айында Ресей мен АҚШ-тың қатысуымен жасалды. Қауіпті химикаттарды жою процесін Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық ұйым бақылайды.

 http://www.azattyq.org/content/news/25448953.html