АЛТЫНОРДА
Новости

Путинді Украина сепаратистеріне ықпал етуге шақырды

Франция президенті Франсуа Олланд (сол жақта) пен АҚШ президенті Барак Обама. Франция, 6 маусым 2014 жыл.Франция президенті Франсуа Олланд пен АҚШ президенті Барак Обама Ресей президенті Владимир Путинді Украинаның шығысындағы сепаратистерге Киевпен келісімге келу үшін қысым көрсетуге шақырды.

Франция президентінің баспасөз қызметі Олланд пен Обама телефон арқылы Путинмен 45 минут сөйлескенін хабарлады. Олланд пен Обама одан сепаратистерге қысым жасауды және Ресей-Украина шекарасында бақылауды күшейтуге шақырған.

Обама мен Олланд Украинадағы қақтығыстарды барынша тезірек тоқтату үшін сепаратистермен келіссөздер жүргізу қажет екенін айтқан.

Украина армиясы соңғы бір аптада сепаратистер бекінген Славянск қаласын қайтарып алды. Бұдан соң сепаратистер Луганск мен Донецкіге бекінетінін мәлімдеді. 7 шілде күні Донецкіге баратын үш көпір жарылыстар кесірінен қираған. Украинаның қауіпсіздік қызметінің мәлімдеуінше, жарылыстар украин әскері Донецк мен Луганскіні қоршауға алып жатқан кезде болған.

http://www.azattyq.org/content/news/25448994.html