АЛТЫНОРДА
Новости

Украина: Снежное кентінде 11 адам мерт болған

Донецкіден 25 шақырым жердегі Маринка елдімекенінде бақылау бекетіндөгі ресейшіл сепаратист. 15 шілде 2014 жыл.Украинаның Донецк облысындағы Снежное кентінде тұрғын үйде болған жарылыс салдарынан кемінде 11 адам қаза тапқаны туралы хабарланды. Ресейшіл сепаратистердің бұл елдімекенге үкімет күштері әуеден соққы берді деген мәлімдемесін Украина билігі жоққа шығарды.

Украина қауіпсіздік кеңесінің баспасөз хатшысы Андрей Лысенко бұл оқиғаны «арсыздықпен жасалған қанды арандату» деп атады. Ол жарылыс болған кезде украиналық әскери авиацияның әуеге көтерілмегенін мәлімдеп, бұл жарылысқа Ресейдің қатысы болуы мүмкін деген жорамал айтты.

Киев осы оқиғадан бір күні бұрын әуеден атып түсірілген украиналық әскери тікұшақты Ресей аумағынан зымыранмен атқан деп отыр. Украина билігінің айтуынша, тікұшақ экипажынан төрт адам құтқарылған, екеуін сепаратистер ұстап алған, тағы екеуі хабарсыз кеткен.

Украина әскери басшылығының деректері бойынша, қарулы бүлікшілерге қарсы үш ай бойы жүргізіліп жатқан операция барысында 258 сарбаз қаза тауып, 900-і жараланған, 45 адам тұтқынға түскен.

http://www.azattyq.org/content/news/25458438.html