АЛТЫНОРДА
Новости

АҚШ Украинаға қаржылай көмек бермек

АҚШ Украинаға елдің шығысындағы таяуда сепаратистер бақылауынан босатылған аймақтардың мұқтаждығын өтеу үшін жеті миллион АҚШ доллары көлемінде көмек көрсетпек. Бұл туралы 28 шілде күні АҚШ вице-президенті Джо Байденнің Украина премьер-министрі Арсений Яценюкпен телефон арқылы сөйлесуінен кейін Ақ үй жариялаған мәлімдемеде айтылған.

Ресми ақпаратта көмекке берілетін жеті миллион доллардың ішіне АҚШ-тың Халықаралық Қызыл крест ұйымы мен БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасына медициналық көмек, ауыз сумен қамтамасыз ету және қалпына келтіру жұмыстарына бөлген қаржысы да кіретіні көрсетілген.

Ақ үйдің хабарлауынша, Байден мен Яценюк Украинаның шығысындағы жағдайды, малайзиялық Boeing 777 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы мен Ресейдің сепаратистерге көмек көрсетуді жалғастырып отырғанын да талқылаған.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140729/330/330.html?id=25473409