Ресей Украинада өндірілген бірқатар алкогольді сусындардың елге кіргізілуін шектеді. Тұтынушылар құқығын қорғайтын «Роспотребнадзор» мекемесінің мәлімдеуінше, 15 тамыздан бастап нормативтік талаптарды «бірнеше рет бұзғандықтан» сыра тасымалдауға да тыйым салынады.
12 тамызда Украина парламенті — Жоғарғы Рада елдің шығысындағы ресейшіл сепаратистерді қолдауға қатысы бар Ресей компаниялары мен азаматтарына қарсы санкцияларды алғашқы оқылымда мақұлдаған.
Ресей бұған дейін украиналық бірқатар тауарларды тасымалдауға тыйым салған. Мәскеу Ресейге қарсы экономикалық санкциялар салған батыс елдерінен де азық-түлік тауарлары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға шектеу қойған.
http://www.azattyq.org/archive/news/20140814/330/330.html?id=26529862