АЛТЫНОРДА
Новости

Неке қию азайып, ажырасу көбейді

Астана. 18 тамыз. Baq.kz – Бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов осылай мәлімдеді, — деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

— Елімізде 1 жасқа дейінгі қайтыс болған нәресте саны 2068 (2228) адамды құрап, 2013 ж. сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2% азайғандығын көрсетті. Ал бұл нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 2013 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 11,81 промилледен 10,70 промиллеге дейін төмендегендігін білдіреді. Нәрестелер өлім-жітімінің негізгі себебі — перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар. Сондай-ақ, туа біткен ауытқулардан қайтыс болған нәрестелер саны 415 немесе 20,1%, тыныс органдары ауруларынан — 157 және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан көз жұмғандар саны 96-ны құрады, — деді комитет төрағасы.

— Ал енді неке қию мәселесіне қатысты келер болсақ, АХАТ органдары ағымдағы жылы 68,4 мың неке қию туралы акті жазбасын ұсынды. Олардың саны 2013 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 3,9% азайған. Бұл 2014 жылғы қаңтарда 2013 жылғы қаңтарға қарағанда алдыңғы жылы тіркелген актілерді кеш беру фактілерінің саны аз болуына байланысты болды. Некенің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,98 некені құрады. Есесіне, осы аралықтағы ажырасулар саны 25,2 мыңға жетті. Бұл сан мұндай келеңсіз жайттың өткен жылғыға қарағанда 2% көбейгендігін көрсетеді, — дейді ол.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
Суретті түсірген – Азат ЕСЕМБЕКОВ

http://baq.kz/kk/news/51683