АЛТЫНОРДА
Новости

Франция Ресейге «Мистраль» кемесін бермейтін болды

Франция президенті Франсуа Олланд Мәскеудің Украинадағы басқыншылығына байланысты Франция жағы Ресейге алғашқы екі «Мистраль» әскери кемесін беруден бас тартатынын мәлімдеді. Франция президентінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде кемені жеткізуге қажетті «жағдай жасалған жоқ» делінген.

Бұған дейін Францияның батыс елдеріндегі одақтастары Парижді Ресейге кеме сату туралы келісім жасасты деп сынаған. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Юрий Борисов француз үкіметінің шешімі «ыңғайсыздау болғанын», бірақ ол Кремльдің армияны қайта қаруландыру жоспарына кедергі келтіре алмайтынын мәлімдеген.

Тікұшақ қондырып, тасымалдауға арналған алғашқы «Мистраль» кемесі Ресейге қазан айында жеткізілуі тиіс болған. Париж бұған дейін одақтастарының келісімнен шығу туралы қысымына бой бермей, «бірнеше миллиард қаржыны құрайтын келісім-шартты бұзудан Ресейден гөрі Францияның өзі зиян шегеді» деп мәлімдеген еді.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26565814