Өткен тәулікте украина әскерилері Донецк қаласының әуежайына жасалған сепаратистер шабуылына тойтарыс берді деп хабарлады террорға қарсы операциялар баспасөз хатшысы Алексей Дмитрашковский.
Оның айтуынша, Ресей туын көтерген бронды техникамен 200-дей адам әуежайға шабуылдап, Пантелеймоновка елдімекеніне бұзып өтуге әрекет еткен, салдарынан бейбіт тұрғындар зардап шеккен.
Донецк және Луганск облыстарында бұрынғысынша шиеленісті жағдай қалыптастып отыр. Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің өкілі Андрей Лысенко «атысты тоқтату туралы бітімге қарамастан сепаратистер арандатуларын жалғастырып жатқаны» жайлы айтады.
Соңғы тәулікте сепаратистер Донецкі мен Луганск облыстарындағы жиырмаға жуық тосқауыл бекеттерін атқылаған. «Яковлевка елдімекені жағынан «Град» қондырғысынан Донецк әуежайы атқыланды» дейді Лысенко.
http://www.azattyq.org/content/news/26582675.html