Жүзуден қазақстандық Дмитрий Баландин Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды. Ол бүгін, 24 қыркүйекте 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Азия рекордын жаңартып (59.92 секунд), Азиада чемпионы атанды.
Баландин 23-қыркүйекте 200 метрге брасс әдісімен жүзуде де Азия ойындарының алтын жүлдесін иеленген.
Бүгін бұған қоса у-шудан Қазақстан құрамасының мүшесі Ришат Лувеншо финалда ирандық Мохсен Мохаммедсеифиден ұтылып, күміс медальді болды.
Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдан ұтылып, Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді.
Қазір Қазақстан құрамасында 5 алтын, 6 күміс, 13 қола медаль бар.
Азия ойындары 4 қазанда аяқталады.
http://www.azattyq.org/archive/news/20140924/330/330.html?id=26603901