АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ХАБАРЛАНДЫРУ

13_min26 қыркүйек күні сағат 10.00-да Халықаралық Түркі Академиясының ұйымдастыруымен «Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттілік дәстүрдің сабақтастығы» атты халықаралық дөңгелек үстел басталады. Жиынға  Қазақстан, Мажарстан, Түркия, Моңғолия мен Татарстанның танымал тарихшы, антрополог, этнолог, археолог және тіл мамандары қатысады.

Басқосу аясында Халықаралық Түркі Академиясының қайта жаңғыртылған мұражайының ашылуы болады.

Мекен-жайымыз: Астана қ., Тәуелсіздік к., 57, Бейбітшілік және келісім сарайы,  1 қабат, VIP Конференц-залы.

 Мүмкіндіктеріңіз болса, 74-46-86 телефонына хабарласып, аккредитация жасауларыңызды сұраймыз. 

 Халықаралық Түркі Академиясының баспасөз қызметі