АЛТЫНОРДА
Новости

Кремль Facebook пен Twitter-ден тіркелуді талап етті

Ресейдің ақпарат саласын реттеуші органы — «Роскомнадзор» Facebook және Twitter әлеуметтік желілері мен Gmail электрондық почта қызметінен «ақпарат таратушылар» ретінде ресми түрде тіркелуді талап етті.

«Роскомнадзор» төрағасының орынбасары Максим Ксензов «Известия» газетіне «бұл қадамның интернет-компаниялар мен блогерлер туралы жаңа заңға сәйкес жасалғанын» айтқан.

Шілде айында Ресей президенті Владимир Путин әлеуметтік желілер мен электрондық почта қызметтеріне 2016 жылдың қыркүйегіне дейін ресейлік серверлерге тіркелуді міндеттейтін заңға қол қойған еді.

Жаңа заң бойынша, күн сайынғы оқырманы үш мың адамнан асатын блогерлер де «Роскомнадзорға» тіркелуге міндетті.

Өткен аптада Ресей парламенті бұл заңға өзгерістер енгізіп, оның күшіне ену мерзімін 2015 жылдың қаңтары деп белгілеген.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140927/330/330.html?id=26608721