АЛТЫНОРДА
Новости

«Үлкен жетілік» Минск келісімін қоштады

«Үлкен жетілік» елдері Украинадағы қақтығысты тоқтату туралы Минскіде жасалған келісімді құптап, оны дағдарысты саяси жолмен шешу жолындағы «маңызды мүмкіндік» деп атады.

Ұлыбритания, Франция, Канада Германия, АҚШ, Италия және Жапония билігі таратқан мәлімдемеде 5 қыркүйекте жасалған келісімнің бұзылғаны айыпталады. Жеті ел басшылары Ресейді Украина территориясынан барлық әскерін, әскери техникасы мен қару-жарағын шығаруға шақырады.

Бұдан өзге, «жетілік елдері» Киевтің рақымшылық жариялауы мен елдің шығысындағы кейбір аймақтарға «ерекше мәртебе» беру туралы заңдарды қабылдауын, Украинаның Еуропа Одағымен еркін сауда жасасу туралы келісімді ратификациялауын да қош көрген.

Мәлімдемеде Ресейге қарсы санкциялар Мәскеу Минск келісімі бойынша өзіне алған барлық міндеттемелерін орындаған кезде жойылатыны ескертіледі.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140926/330/330.html?id=26606906