АЛТЫНОРДА
Новости

Порошенко алты жылдық жоспарын жариялады

Украина президенті Петр Порошенко Еуропа Одағына мүше болуға мүмкіндік беретін алты жылдық реформалар жоспарын жария етті.

25 қыркүйекте Киевте баспасөз мәслихатын өткізген Порошенко елдің шығысындағы ресейшіл сепаратистермен жасалған бейбітшілік бітім жасалғасын бес айға созылған «ең қауіпті кезеңнің» аяқталғанын айтты.

Порошенко «Стратегия-2020» деп атаған жоспарға 60 шақты әлеуметтік-экономикалық бағдарлама кірген. Ол жемқорлықпен күрес, билікті орталықсыздандыру, салық жүйесі мен күштік құрылымдарды реформалау және энергетикалық тәуелсіздікке жету сияқты мәселелерді ерекше атап өтті.

Украина президенті 27 маусымда қол қойған ЕО-мен жақын экономикалық серіктестік туралы келісімді Жоғарғы рада 16 қыркүйекте ратификациялаған.

Келісімнің сауда-саттыққа қатысты бөлігінің жүзеге асуы Ресей наразылық білдірген соң 2016 жылдың қаңтарына дейін шегерілген.

25 қыркүйек күні Порошенко өзі жариялаған реформалардан бас тартқан жағдайда Украинаның жалғыз жолы — «Ресеймен жалғыз қалу» екенін айтты. Ол Ресей президенті Владимир Путинмен үш аптадан соң кездесетінін мәлім етті.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140925/330/330.html?id=26606070