АЛТЫНОРДА
Новости

Ресейде түнде жиын өткізуге тыйым салынды

Ресей президенті Владимир Путин түнде жиын және демонстрация өткізуге тыйым салатын заңға қол қойды. Жиын, демонстрация, шеру және пикет өткізу туралы заңға өзгерістер енгізетін заң 6 қазанда жарияланды.

Өзгерістер бойынша, бұдан былай кешкі сағат оннан бастап таңғы сағат жетіге дейін мәдени оқиғалар мен тарихи даталарды атап өтуге арналған жиындардан өзге қоғамдық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Ресей мемлекеттік думасы заң жобасын 19 қазанда, федерация кеңесі 1 қазанда мақұлдаған.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26624048