АЛТЫНОРДА
Новости

Швейцария Эболаға қарсы вакцинаны сынамақ

Швейцарияның денсаулық сақтау министрлігі қауіпті Эбола вирусына қарсы тәжірибе ретінде жасалған вакцинаны адамдарға клиникалық сынақтан өткізуге рұқсат берді.

Швейцариялық дәрігерлердің мәлімдеуінше, алғашқы екпе Лозанна университеті жанындағы ауруханада 120 адамға салынады.

Екпе салдыратындар — Батыс Африкаға Эбола індетімен күресуге өз еріктерімен аттанып бара жатқан дені сау азаматтар. Вакцина шимпанзе маймылының гені өзгеріске ұшыраған аденовирусына негізделіп жасалған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Швейцария билігінің бұл шешімін құптап отыр.

Осы аптада басталатын сынақтың алғашқы нәтижелері желтоқсан айында белгілі болмақ. Қазір Эболаға қарсы сынақтан өткен вакцина, я дәрі-дәрмек жоқ.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26663728