Мәскеу мен Киев алдағы қыста Ресей газын Украинаға экспорттауға кепілдік беретін келісімге қол қойды. Украина мен Ресейдің энергетика министрлері — Юрий Продан мен Александр Новак және Еуропа Одағының (ЕО) энергетика жөніндегі комиссары Гюнтер Геттингер қол қойған келісімнің әрекет ету мерзімі 2015 жылдың наурызында аяқталады.
Геттингер келіссөз қорытындысы бойынша мәлімдемесінде «Біз қыста Украинаға ғана емес, сонымен бірге онымен шектесетін ЕО елдеріне де газ тасымалданатынына кепілдік бере аламыз» деді. Келісімге Брюссельде газ төлеміне қатысты ұзаққа созылған келіссөздерден кейін қол жетті.
Қол қою кезінде Еуропа комиссиясының президенті қызметінен кетіп бара жатқан Жозе Мануэль Баррозу «Мен саяси жауапкершілік, ынтымақтастық логикасы мен қарапайым экономикалық есептің салтанат құрғанына ризамын. Бұл қыста еуропалықтар тоңбайтын болды» деді.
Толығырақ: http://alashainasy.kz/sabaktar/kiev-pen-maskeu-gaz-kelsmne-kol-koydyi-56668/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі