АЛТЫНОРДА
Новости

АҚШ-та Конгресс сайлауы өтеді

АҚШ-та қарашаның 4-і күні заң шығарушы және атқарушы билік органы сайлаулары өтеді. Бұл жолы сайлаушылар АҚШ конгресі сенатына 36 адамды, өкілдер палатасының 435 мүшесін және 36 губернаторды сайлауға дауыс береді. Сарапшылар республикашылар партиясы өкілдер палатасындағы басымдығын сақтап қалады, тіпті күшейте түседі деген болжам айтады. Бірақ, бұл жолы негізінен сенат сайлауы басты назарда тұр.

Егер бұл сайлаудан кейін республикашылар қосымша алты депутаттық мандатқа ие болса, онда 100 орындық сенатты бақылау солардың қолына тиюі мүмкін. Қоғамдық пікір нәтижелері әзірге дауыс беру қорытындысы қалай боларын дөп басып болжауға мүмкіндік бермей отыр.

Сарапшылар егер республикашылар конгресстің қос палатасындағы орындардың көпшілігіне ие болса, онда қазіргі президент, демократиялық партия өкілі Барак Обама саяси бағытын өзгертіп, президент әкімшілігінде кадрлық өзгерістер жасауы қажет болады дейді.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141104/330/330.html?id=26673060