АЛТЫНОРДА
Новости

Ресей Польша дипломаттарын елден шығарды

Ресей Польшаның бірнеше дипломатын «лауазымды мәртебелеріне лайық емес қызмет жасады» деп айыптап, елден шығарып жіберді.

Қарашаның 17-і күні Ресей сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде «Польша билігі дұшпандық және негізсіз әрекет жасады. Осыған байланысты Ресей жауап қатып, бірнеше польшалық дипломат «лауазымды қызметтеріне сай келмейтін әрекет жасағаны үшін елден шығарылды» делінген.

Мұндай айып әдетте дипломаттар «тыңшылық жасады» деген күдікке ілінгенде қолданылады.

Ресей мен Еуропа Одағына мүше елдер арасындағы қарым-қатынас АҚШ пен батыс елдері Мәскеудің Украинадағы саясатына байланысты санкциялар салған соң нашарлап кеткен.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141117/330/330.html?id=26695542