АЛТЫНОРДА
Новости

Сепаратистердің Донецк әуежайына шабуылы тойтарылды

Қарашаның19-ына қараған түні Украинаның шығысында сепаратистер украин әскерінің бақылауындағы Донецк әуежайына тағы шабуыл жасады. Украинаның шығысындағы арнайы операцияның баспасөз қызметі шабуылдың тойтарылғанын хабарлады.

Минскіде жасалған келісім-шартқа қарамастан Донецк әуежайындағы әскери қимылдар тоқтамай тұр.

УНИАН агенттігі мен «Украинская правда» басылымының хабарлауынша, Донецкінің өзінде де кеше түнде жарылыс пен дүркін-дүркін атыс дауыстары естілген.

Украин әскерилерінің дерегінше, соңғы бір тәулікте атысты тоқтату режимі 40-тан көп рет бұзылған. Сепаратистер украин күштерінің Бахмутка жолындағы, Счастье, Углегорск, Каменка, Никишино, Малоорловка және Майорск қалаларындағы позицияларын «Град» қондырғысымен және минометтерден атқылаған. Шабуылдардан екі украин сарбазы қаза тауып, 13-і жараланған.

Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Луганск облысындағы сепаратистер жетекшісі Игорь Плотницкий ашық хатында «соғысты тоқтату үшін» Украина президенті Петр Порошенконы жекпе-жекке шақырған. Плотницкий Порошенкоға жекпе-жек өткізетін орынды таңдауды және қаруды өзі таңдауды ұсынған.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141119/330/330.html?id=26699508