Syrian Observatory for Human Rights құқық қорғау ұйымының дерегінше, Сирияда соғыс басталған төрт жылға жуық уақыттан бері құрбан болғандар саны 200 мыңға жетті. Олардың 130 мыңнан астамы — соғысушы тараптардың сарбаздары. Құрбан болғандар арасында 10 мыңнан астам бала бар.
Ұйым жетекшісі Рами Абдель Рахманның айтуынша, құрбандардың нақты саны бұдан да көп болуы мүмкін. Тағы 200 мыңға тарта адам Сирия түрмелерінде отыр. 20 мың адамның тағдыры туралы еш мәлімет жоқ. Мыңдаған адамды радикалдық «Ислам мемлекеті» ұйымы кепілге алған.
Абдель Рахман әлемдік қауымдастықты «Сириядағы жағдайды Халықаралық қылмыстық соттың қарауына бере алмады» деп айыптады.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирия соғысындағы қылмыстарды Халықаралық соттың тергеуіне беру әрекеттері Ресей мен Қытайдың қарсылығына ұшыраған еді.
http://www.azattyq.org/archive/news/20141203/330/330.html?id=26722355