АЛТЫНОРДА
Новости

Украинада жаңа бітім жасалды

Украина билігі мен ресейшіл сепаратистердің мәлімдеуінше, Донбасста жаңа бітім жасалды. Минск келісіміне сай жасалған бітім желтоқсанның 9-ынан бастап күшіне енуі тиіс.

Украина президенті Петр Порошенконың айтуынша, жаңа бітімнің шарттары қыркүйектің 5-і күні Еуропа Одағының араласуымен Минскіде жасалған келісімге қосылған. Бірақ қыркүйекте жасалған бітімде соғысушы тараптар нақты қай күні қаруын тастауға міндеттелгені көрсетілмеген.

Өзін-өзі жариялаған «Донецк халық республикасы» парламентінің спикері Андрей Пургин қақтығысты тоқтату туралы бітім Минскіде жасалған келісімнің бір бөлігі екенін растады.

Украинаның шығысында сәуір айында басталған әскери қимылдардан 4 мың 300-ге жуық адам мерт болды.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141205/330/330.html?id=26726164