АЛТЫНОРДА
Новости

Олландтың Қазақстанға сапары басталды

Франция президенті Франсуа Олланд бүгінресми сапармен Қазақстанға келді.

Бұған дейін Ақорданың баспасөз қызметі желтоқсанның 5-6-сы күндердегі сапарында Олланд Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесетінін, одан соң президенттер қазақстан-француз бірлескен бизнес форумына қатысатынын хабарлаған. Олланд Астанада Францияда Бесінші республиканың президенті болған Шарль де Голльге арналған ескерткіштің де ашылуына қатыспақ.

Сапар алдында қазақстандық белсенділер Францияның Алматыдағы консулдығына Олландтың атына Францияда қамауда отырған саясаткер Мұхтар Әблязовті Украинаға немесе Ресейге экстрадицияламауды сұраған хат тапсырған. Белсенділер «Әблязов Украинаға немесе Ресейге экстрадицияланған жағдайда оның Қазақстанға берілуі мүмкін» деп алаңдаушылық білдірген.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141205/330/330.html?id=26726237