АЛТЫНОРДА
Новости

Рублдің құнсыздануы желтоқсан айындағы жағдайды қиындатады – Қ. Бозымбаев

АСТАНА. 5 желтоқсан. BAQ.KZ — Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев Ресей рублінің құнсыздануына байланысты жергілікті нарықтағы жағдайға қатысты пікірін білдірді.

 — Ресей валютасы бағамының төмендеуі салдарынан желтоқсан айында қиын жағдай болатыны түсінікті. Мен ел Үкіметі және Ұлттық банк өкілдерімен әңгімелестім. Олар экономикалық жағдайды тұрақты ұстап, барлық мүмкіндіктерді пайдалануға кеңес беруде. Бұл жағдайды рубль төңірегіндегі туындаған жайттар қиындатуда. Әзірге бұл тұтынушылар үшін тиімді. Азық-түлік арзандады. Ал отандық тауар өндірушілеріне бәсекелестікті ұстап тұру оңайға соқпайды. Осындай жағдайда мәселелер туындаған кезде кәсіпкерлер қауымы облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының көмегіне жүгіне алады. Өндіріс ошақтарының өкілдеріне өңірдегі индустриалдық-инновациялық даму басқармасы қолдау білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, ортақ мүдде жолында тізе біріктіру керек, — дейді Қ. Бозымбаев.
Кеше облыстық Кәсіпкерлер палатасы кеңесінің отырысында аймақ басшысы алдағы бірнеше ай ішінде өңір бизнесмендері қиын кезеңді бастан өткеретінін айтты. Облыс әкімінің пікірінше, жергілікті нарықтағы жағдайды тұрақты ұстауға отандық азық-түлік өндірісінің өкілдері бақылауда ұстауы қажет. Қанат Бозымбаев бүгінгі күнгі Ресей рублінің құнсыздануы кезіндегі экономикалық жағдайды 1998 жылғы дефолтпен салыстырды.

Дереккөз: pavlodarnews.kz

http://baq.kz/kk/news/57243