Беларусь Ресеймен шекарада кедендік бақылауды қайта орнатты. Кедендік бақылау бекеттері 2011 жылы Ресей, Қазақстан және Беларусь арасында Кеден одағын құру туралы келісімге сай алынып тасталған еді. Ресейдің федералдық кеден қызметінің мәліметінше, бақылау біржақты түрде қалпына келтірген.
Соңғы уақыттары Мәскеу беларусь тауарларына қарсы бірқатар санкциялар салған. Қарашаның ортасында «Россельхознадзор» мекемесі санитарлық талаптар бұзылды деп беларусь ет комбинаттарының көпшілігінің өнімдерін импорттауға тыйым салған.
Қарашаның 30-ында Ресейге азық-түлік эмбаргосын салған АҚШ пен Еуропа Одағының кейбір тауарларын Беларусьтен Ресей арқылы Қазақстанға транзитпен өткізуге тыйым салған.
Қарашаның 27-сінде Беларусь президенті Александр Лукашенко егер Ресей беларусьтық азық-түлік өнімдерін тасымалдауға қойған шектеулерін жоймаса «жауап шараларын жасауға» уәде берген.
http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26732694