АЛТЫНОРДА
Новости

Киев пен сепаратистер келіссөзді белгілей алмады

Украина үкіметі мен ресейшіл сепаратистер келіссөздердің жаңа кезеңін қашан бастайтынын анықтай алмады. Бірақ украин әскерінің қолбасшылығы қақтығысты тоқтату режимі тағы 24 сағатқа созылатынын мәлімдеді.

Украинаның бұрынғы президенті, Ресей, Украина және сепаратистер арасындағы келіссөздерде араағайындық жасаушы Леонид Кучманың айтуынша, сепаратистер бұған дейін келісілген бітімді бұзғандықтан таяу күндері Минскіде кеңесулердің жаңа кезеңі өтуі тиіс.

Ақпарат құралдары Кучманың «сепаратистер соғысты емес, бейбітшілікті қалайтынын білдіріп, өздерінің қарулы жасақтарын толық бақылауға алуы тиіс» деген сөзін келтіреді.

Бұған дейін украин әскері мен сепаратистер арасында жарияланған желтоқсанның 9-ындағы «тыныштық күнінен» соң апта соңына дейін кездесу мерзімі белгіленеді деп болжанған.

Бірақ Кучманың сөзіне қарамастан, украин әскери басшылығы тараптар ұстанымдарын жақындату үшін бітім небәрі бір тәулікке ғана ұзартылатынын мәлімдеді.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26736565